Үкімет кулуарында журналистер нақтыланған бюджетте доллар бағамының 460 теңге болып бекітілуі ұлттық валютаның әлсіреуін мойындау емес пе деп сұрады.
Министр доллар 500 теңгеден асқан кезде шетелдік валюта сатып алғандар қазір ұтылып қалғанын айтты.
"Валюта бір долларға 500 теңгеге дейін шарықтағаны естеріңізде шығар. Ешқандай "катастрофа" болған жоқ қой, керісінше, теңге өз бағамын қайтарды. Сол кезде валюта бағамына алданып, доллар сатып алғандар ұтылып қалды. Мен кешірім сұраймын, әрине, бірақ қазір олар ұтылғандар, ал бәрі тынышталғанын күтіп, әліптің артын баққандар, керісінше, ұтқандар", - деді ол.