Құрылтай депутаты Дана Медеуованың бастамасымен «Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі – ұлттық қауіпсіздіктің факторы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара «Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен қызметінің кепілдіктері туралы» заң жобасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Жиынға Құрылтай депутаттарымен бірге Президенттің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Алексей Цой, вице-министрлер, құзыретті мемлекеттік органдардың, медициналық ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, сарапшылық және кәсіби қоғамдастықтың өкілдері қатысты.
Талқылауда медицина қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, кәсіби мәртебесі мен беделін арттыру, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуетін дамыту мәселелеріне назар аударылды.
Құзыретті мемлекеттік органдардың өкілдері депутаттық бастаманы қолдайтынын білдірді. Дөңгелек үстел барысында заң жобасының негізгі ережелері мен оларды іс жүзінде жүзеге асыру тетіктері талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар мен пікірлер жинақталып, заң жобасын одан әрі жетілдіру кезінде ескеріледі.