Жаңалықтар

Дариға Назарбаеваның ұлы жаңа қызметке тағайындалды

Дариға Назарбаеваның ұлы жаңа қызметке тағайындалды
Экс-президенттің немере жиені Транстелеком директорлар кеңесін басқаратын болды. Бұл туралы «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлайды. «Транстелеком» АҚ – Қазақстандағы ірі байланыс операторы. Компания жергілікті, қалааралық және халықаралық деңгейде телекоммуникация қызметтерін ұсынумен айналысады. 2021 жылы Транстелекомның 75%-ы Нұрәлі Әлиевке тиесілі Unit Telecom компаниясына берілген еді. Кейін бұған қатысты мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи пікір білдірді. Оның айтуынша, жылдық табысы 80-90 миллиард теңгені құрайды. Ал компанияны Әлиев небәрі 18 миллиард теңгеге сатып алған.
Барлық жаңалық