Әлеуметтік желіде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның көпшілік алдына шыққан сәті қызу талқыланды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл туралы әнші Толқын Забирова жазба жариялап, Гүлмира Кенжеболатқызының туған күніне арналған кештен сурет бөліскен.
Әнші туған күн иесін құттықтап, онымен таныстығы кандидаттық диссертациясын қорғаған кезінен басталғанын айтты.
Сондай-ақ ол кеш барысында Дариға Нұрсұлтанқызымен кездескенін жазып, ғылыммен айналысқан жылдары көрсеткен қолдауды үшін алғыс айтқан.
«Осы кеште Дариға Нұрсұлтанқызымен де кездесудің сәті түсті. Диссертация қорғаған жылдарымда Бірінші Президент қорының жастарға көрсеткен қолдауын ерекше жақсы білемін. Ғылымға ұмтылған жастарға монографияларын шығаруға дейін мүмкіндік берген сол қолдаудың маңызы біз үшін өте зор еді. Сол үшін рақметімді айтып, алғысымды білдірдім», – деп жазды әнші.
Алайда әнші көп ұзамай аталған жазбасын әлеуметтік желідегі парақшасынан өшіріп тастаған.
