Спорт

Чемпиондар лигасы: "Қайрат" "Реалдан" 5:0 есебімен жеңілді

Чемпиондар лигасы: "Қайрат" "Реалдан" 5:0 есебімен жеңілді
Алматылық "Қайрат" футбол командасы Чемпиондар лигасы аясында мадридтік "Реалдан" 0:5 есебімен ойсырай жеңілді.
 
Мбаппе алғашқы үш голды соғып, хет-трик жасады. Төртінші голды Камавинга, бесінші голды Браим Диас соқты.
Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Қалаға 5 мыңнан астам шетелдік турист келді.
 
"e-Qonaq" ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, Қазақстанның өзге өңірлерінен келген жанкүйерлермен бірге санағанда көрермен саны ондаған мың адамға жетті.
 
"Туристердің негізгі легі Қытай, Үндістан, Ресей, сондай-ақ Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, ТМД және өзге де Еуропа мемлекеттерінен келген", - дейді әкімдік мамандары.
Сонымен қатар Қазақстанның басқа облыстарынан келген жергілікті туристер де бар.
 
Матчтың экономикалық әсері де айтарлықтай жоғары болады. Mastercard компаниясының мәліметі бойынша, Алматыға келген әрбір шетелдік туристің орташа шығыны шамамен 1 500 АҚШ долларын құрайды. Мұндай шығындар шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, қызмет көрсету саласын жандандырады.

Еске сала кетейік, "Реал" Чемпиондар лигасының алғашқы турында "Марсельді" 2:1 есебімен жеңді. Ал "Қайрат" сырт алаңда "Спортингтен" 1:4 есебімен ұтылды.
Барлық жаңалық