Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан өзінің Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында күйеуінің бірінші некеден туған балалары қайда екенін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Динара Сәтжан өзінің су жаңа баспанасын көрсету барысында зәулім үйде қанша адам тұратынын жасырмады.
"Үйіміз қатты үлкен болмағандықтан гардероб сыйымды. Бұл үйде мен, Жұмабек, анам және балалар тұрады. Ал Жұмабектің балалары Алматыда тұрады", - деді ол.
Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Бірі Динара Сәтжанды сынаса, енді бірі тележүргізушінің енесімен қарым-қатынасына тәнті болды.