Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың келіні Индира Мәуленова денсаулығына байланысты жағымсыз жағдайға тап болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Индираның айтуынша, ол үш айлық сәбиімен бірге шұғыл түрде ауруханаға түсуге мәжбүр болған. Оқиға қар жауған күні орын алған.
«Қар жауған күні баламды педиатрға тексеруге апарған едім. Сол кезде аяғым тайып кетіп, мұзға құлап қалдым. Құдай сақтап, балама ештеңе болған жоқ. Ал мен беліммен құлап, жарықшақ (трещина) алдым. Баламмен бірге үш күн ауруханада жатуға тура келді», – деп жазды ол.
Индираның айтуынша, ауруханада жанында көмекшісі болған. Қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты.
«Қазір бәрі жақсы. Заңғар қолдау көрсетіп, барлық шаруаны өзі атқарып жүр. Ал маған бір ай бойы төсек режимі тағайындалды. Отыруға болмайды, тек жатып немесе түрегеп тамақтануым керек. Алты апта бойы корсет кию қажет. Сондай-ақ үш килодан ауыр зат көтеруге тыйым салынды», – дейді ол.
Айта кетейік, дәл осы жағдай Индира Мәуленованың әлеуметтік желіден уақытша көрінбей кетуіне себеп болған.
