Шоу-бизнес

«Бәрі үшін әйел жазаланады»: Жұлдыз Әбдікәрімова астарлы жазба жариялады

«Бәрі үшін әйел жазаланады»: Жұлдыз Әбдікәрімова астарлы жазба жариялады

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында әйел тағдыры, ана махаббаты мен өмірлік таңдау туралы ой қозғады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесі Алматы көрерменіне алғыс білдіре отырып, әйелдің өмірде кездесетін түрлі сынақтары туралы әсерлі жазба жариялады. Ол әйелдің сүйгені, адал болғаны немесе өз өмірін ретке келтіріп, бақытты болуға ұмтылғаны үшін де кейде сынға ұшырайтынын жеткізді.

«Алматы көрермені, мың алғыс! Кейде әйел сүйгені үшін, түсінгені үшін, адал болғаны үшін жазаланады. Кейде ана жүрек өзгенің баласын өзімдей көріп, бауырына басқаны үшін таңдау құрбандығына шалынады. Кейде өз өмірін ретке келтіруге тырысқаны үшін жапа шегеді. Кейде бақытты болуға тырысқаны үшін ұятты болады. Осының ішінде бір анығы болса ол - әйел ешқашан ана болудан бас тарта алмайды», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Актрисаның жазбасында әйелдің қоғамдағы орны мен ана ретіндегі болмысына ерекше мән берілген. Әсіресе, қандай жағдай болмасын, әйел үшін аналық сезім мен балаға деген махаббаттың айрықша орын алатынын меңзеген.

Жұлдыз Әбдікәрімованың бұл жазбасы әйелдің жеке таңдауы, махаббаты мен ана ретіндегі жауапкершілігі туралы ойымен ерекшеленді.

Барлық жаңалық