Шоу-бизнес

«Балаларын жылатып әкеледі»: Блогер Мөлдір Анарбаева аналарды сынады (ВИДЕО)

«Балаларын жылатып әкеледі»: Блогер Мөлдір Анарбаева аналарды сынады (ВИДЕО)

Блогер Мөлдір Анарбаев кинотеатға кішкентай балаларын ертіп келіп, жылап мазасын алатын аналарға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Желіде жарияланған видеода ол киноға демалу үшін келетін көрермендердің тыныштығы бұзылатынын айтып, мұндай жағдайға жауапкершілікпен қарау керектігін ескертті. Оның айтуынша, көпшілік жиналатын орындарда ата-аналар тек өз баласының ғана емес, айналасындағы адамдардың да жайлылығын ойлауы қажет.

 

Блогер сондай-ақ кино залында тамақты даңғырлатып жейтін, шу шығарып, өзгелерге кедергі келтіретін адамдарды да сынға алды. Ол мәдени орындардағы тәртіп баршаға ортақ екенін, әрқайсысының жеке мәдениеті мен әдептілігі маңызды рөл атқаратынын айтты.

 

Мөлдір Анарбаеваның бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, бір бөлігі блогерді қолдаса, енді біреулері кинотеатрлар отбасылық демалыс орны екенін алға тартты.

 

Барлық жаңалық