Тұңғышбай Жаманқұлов Мұхтар Шахановтың дүниеден өтуіне байланысты әлеуметтік желіде көңіл айту жазбасын жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Өнер иесі ақынды шындық үшін күрескен, қайсар мінезді, ел мүддесін биік қойған тұлға ретінде сипаттап, оның қазасын ауыр қабылдағанын жеткізді.
Жазбасында ол Шахановтың рухани биігі мен азаматтық болмысын ерекше атап өтіп, қоштасу сөзін арнаған.
"Ей артық туған асыл ер, нағыз Азамат... Шындық үшін шырылдап қана емес, айқайлап өткен атпал жүректі, жолбарыс текті жанкешті!!!
Сен де өттің бе, жалғандық жайлаған алдамшы өмірден... Әділет іздеп кеттің бе, ол шіркіннің Жоғарыда да жоқ екеніне көзің жетіп, енді өзің аңсаған Сана Биігінен орын таптың ба?...
Арсыға өттің бе, Бейопаға жеттің бе?... Шығыстың жеті жұлдыз шоғырына сегізінші боп қатарларынан орын тептің бе?... Қош, соры қалың қазақтың қадірі артық шыншыл Шайыры... Бақұл бол..."деп жазды Тұңғышбай Жаманқұлов.
Тебіреніске толы жазба көпшілікке әсер етіп, ақынның қазасына байланысты айтылған көңіл айту пікірлерімен үндес болды.