Қоғам

Астанада оқу ұшуы кезінде жеңіл ұшақ апатқа ұшырады: екі адам қаза тапты

Астанада оқу ұшуы кезінде жеңіл ұшақ апатқа ұшырады: екі адам қаза тапты

Астанадағы Жоламан әуежайы маңында авиаапат болды, қаза тапқандар бар, деп хабарлайды ozgeris.info сайты ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

"2025 жылғы 22 маусым күні шамамен сағат 11:30-да Астана қаласындағы Жоламан әуежайы маңында оқу-жаттығу ұшуы кезінде TL-2000 жеңіл моторлы әуе кемесімен авиациялық оқиға орын алды. Әуе кемесі жекеменшік тұлғаға тиесілі. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта екі экипаж мүшесі болған, екеуі де қаза тапты", – делінген хабарламада.

Хабарламада атап өтілгендей, аталған оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрылатын болады.

"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің қызметкерлері апат орнына аттанды", – делінген ресми мәліметте.

Жоламан әуежайы Ақмола облысы, Шортанды ауданында, Астана қаласының орталығынан шамамен 13 шақырым жерде орналасқан.

АҚПАРАТ TENGRINEWS.KZ САЙТЫНАН АЛЫНДЫ

Барлық жаңалық