💰 Экономика

Әр банкте халықты тыңдайтын бір-бір бөлме болады

16 тамыздан бастап Қазақстанда барлық банктерге жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауға арналған арнайы бөлімше құру міндеттеледі, деп жазады Ozgeris.info. 

Бұдан былай әр банк өз ішінде клиенттермен жұмыс сапасын, жарнаманың дұрыстығын, өнім шарттарының ашықтығын, қызмет көрсету деңгейін және шағымдарға жауап беру тәртібін қадағалайтын тәуелсіз құрылым құруы керек.

 Бұл бөлімшелердің тағы бір маңызды міндеті – қарызын уақытында төлей алмай жүрген азаматтарға көмек көрсету, сондай-ақ банк тарапынан берілетін ақпараттың дұрыстығын тексеру болады. Яғни, енді клиент пен банк арасындағы бүкіл қарым-қатынас процесі бақылауда болады.

Өзгеріс банктерге қойылатын талаптарды күшейтіп, тұтынушылардың құқығын қорғауды нақты жүйеге айналдыруды көздейді.

Ал 2026 жылдан бастап банктер тағы бір маңызды өзгеріске өтеді. Олар клиенттердің салық декларацияларындағы деректерді өздеріндегі қаржылық ақпаратпен салыстыра бастайды.

Барлық жаңалық