Ақтөбеде жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзған жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады, деп жазады ozgeris.info сайты.
Патрульдік полиция шетелдік нөмір таққан Toyota маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізушінің соңғы екі айда 131 рет жол ережесін бұзғаны анықталған. Оның құқықбұзушылықтарының қатарында жылдамдықты арттыру, қауіпті маневр жасау және бағдаршамның қызыл түсіне өту деректері бар.
Аталған көлік айыптұраққа қойылды. Қазіргі уақытта құқықбұзушылықтар бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Жүргізушіге салынған айыппұлдың жалпы сомасы – 3,5 миллион теңге. Ол бұл соманы толықтай өтеуі тиіс.