🌐 Әлем

АҚШ Иранның ядролық нысандарына соққы жасады

АҚШ Иранның ядролық нысандарына соққы жасады

Дональд Трамп халыққа ресми үндеу жасап, АҚШ-тың Ирандағы үш ядролық нысанға – Фордо, Натанс және Исфахан қалаларындағы объектілерге соққы бергенін мәлімдеді.

Трамп Иранның ядролық нысандарына жасалған соққыларды “ауқымды әрі дәл бағытталған” деп сипаттады. Оның айтуынша, негізгі мақсаттар “толығымен және толықтай жойылған”.

Ол бұл шабуылды “әсерлі әскери жетістік” деп атап, Тегеран бейбіт келісімге келуі керек екенін айтты. Сондай-ақ, Иранда әлі де “көптеген нысаналар” қалғанын ескертті.

Оның айтуынша, шабуылдың мақсаты – “терроризмнің басты демеушісі” саналатын елден туындаған ядролық қауіптің алдын алу.

Трамп Иранның шабуылдарынан мыңнан астам америкалық және Таяу Шығыс пен бүкіл әлем бойынша жүздеген мың адам қаза тапқанын айтты.

“Мен бұл жағдайдың жалғаса беруіне жол бермеймін деп бұрыннан шешкенмін”, – деді ол.

Барлық жаңалық