Алматы облысы

Алматы облысында бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның төмендеуі тіркелді

Алматы облысында бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның төмендеуі тіркелді
Алматы облысында бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның төмендеуі тіркелді. Бұл туралы аппараттық кеңес барысында Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуаныш Бахытұлы мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде облыс бойынша бакалея өнімдері бағасының 0,7%-ға, картоп - 1,2%-ға, сәбіз - 2,8%-ға, жұмыртқа - 0,2%-ға, пияз - 3,4%-ға, ақ қырыққабат - 3,1%-ға төмендеуі байқалады. Өткен аптада қарақұмық жармасы бағасының 311 теңгеден 337 теңгеге дейін шамалы өсуі тіркелді. Сондай-ақ, баяндама барысында Қуаныш Бахытұлы облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мамандары тұрақты негізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыратынын, тауарлардың құнын негізсіз көтеруге жол бермеу бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті. .
Барлық жаңалық