Жаңалықтар

Активтерді қайтару комитеті жаңа атауға ие болады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев комитеттің атауын өзгерту туралы тапсырма берді. Бұған дейін «Активтерді қайтару комитеті» деп аталған құрылым енді «Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті» болып қайта құрылады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

 

Мемлекет басшысы бұл өзгерістің басты мақсаты – еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсарту, шетелдік және отандық инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейту екенін атап өтті.

 

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанға жаңа технологиялар мен қаржы тарту үшін инвесторларға сенімді әрі тұрақты жағдай жасау қажет. Осыған байланысты комитеттің негізгі міндеттері қайта қаралып, оның жұмыс бағыты халықаралық тәжірибеге сәйкес жетілдірілмек.

Барлық жаңалық