Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желіде ақын Жүрсін Ерманға қатысты тараған видеодан кейін өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Өнер иесі Жүрсін Ерманның қазақ өнеріне сіңірген еңбегін атап өтіп, әлеуметтік желі қолданушыларын түрлі ақпаратқа біржақты баға бермеуге үндеді.
«Бәрі бітті, енді Жүрсін аға қалды ма? Қазақ өнерін Жүрсін ағамыз секілді түсінетін адам аз. Ағамыз соңғы кезде ауырыңқырап жүр. Аға, 100 жасаңыз. Көп парақшаларға айтарым, көрінген жаңалықтардың ақ-қарасын ажыратпай тұрып, 40-50 жыл ел үшін еңбек етіп жинаған абырой-беделін төкпейік. Керісінше, "ағамыздың жасын берсін Димашқа" деп неге жазбайсыздар?» – деп жазды Тұрсынбек Қабатов.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Жүрсін Ерман мен әнші Димаш Құдайбергеннің кездесуі бейнеленген видео тараған болатын. Ондағы көрініс желі қолданушылары арасында түрлі пікірталас туғызған еді.