8 қаңтарда Сеулдан Астанаға бағыт алған Air Astana әуекомпаниясының KC210 рейсі Пекин әуежайына техникалық себеппен мәжбүрлі түрде қонды. Бұған себеп ұшақтағы барлық дәретханалар істен шыққан, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ұшақ 9:25-те ұшып, жергілікті уақыт бойынша 11:50-де қауіпсіз қонды. Әуекомпания ақауды жою үшін қосалқы бөлшекті жеткізуді күтіп отыр. Сондықтан рейстің ұшуы жергілікті уақытпен 1:00-ге ауыстырылды.
"Виза қажеті жоқ жолаушыларға Қытай шекара қызметімен келісім бойынша қалаға шығуға және қонақүйге орналасуға рұқсат беріледі. Қалған жолаушылар транзиттік аймақта қалады. Онда оларға тамақ, сусындар және жамылғылар беріледі", – деп хабарлады авиакомпания.
Естеріңізге сала кетейік, 26 желтоқсан күні Air Astana әуе компаниясының Фукуок–Алматы бағыты бойынша ұшып келе жатқан ұшағы ерекше техникалық ақауға байланысты Фукуок әуежайына қайта оралуға мәжбүр болған еді.