Жаңалықтар
Аягүл МИРАЗОВА: Қай заманда қазақ қызы қара жамылып, бүркеніп еді?
27.09.2023
208
Қазақстанның Еңбек Ері, білікті педагог Аягүл Миразова қоғамда дау тудырған мәселенің бірі оқушылар арасында орамал тартып, білім ошағына мектеп формасымен емес, хиджаб киіп келуді құп көретіндерге қатысты ойын айтты, деп жазады Ozgeris.info ақпараттық- сараптамалық порталының тілшісі "Адырна" порталына сілтеме жасап
«Білім саласында байырғыдан келе жатқан, үлгі аларлық, өнеге боларлық мектептің киім үлгісі бар. Тәуелсіз ел атанғанға дейін де оқушы атанған жастар арнайы мектеп формасын киді. Содан оқушылар білімсіз, тәрбиесіз, тіпті дінсіз болды дей аламыз ба? Олардың иманының әлсіреуіне, білімінің төмендеуіне мектеп формасы әсер етті деу қисынды ма? Әрине жоқ! Сапалы білім алды, өнегелі тәрбиемен есейді мектеп қабырғасында олар. Әлі де солай. Бірыңғай форма не үшін қажет? Бай мен бағланның баласы да, қарапайым отбасының оқушысы да бірыңғай киім үлгісімен жүреді. Ата-ана да бәсекелестік деп бас ауыртпайды, баланың да көңілі бұзылмайды әлеуметтік теңсіздікті ойлап. Онсыз да түрлі реформаны бастан өткеріп, алағай да бұлағай бағдарламаларға малтығып қалған мектепте енді киім үлгісін ретке келтірдік пе дегенде хиджаб, орамал мәселесі дүркін-дүркін көтеріліп жатыр. Қай заманда қазақтың қызы қара жамылып, тарс бүркеніп еді? Ата-бабамыз ислам дінін ұстанбады ма? Бес уақыт намазын қаза қылмай өтемеді ме? Олар қай қызына хиджаб кигізіп, тұмшалады? Қазақ қан жұтқан қайғының ортасында да қара түсті киім кимеген. Ақ орамалды қызы жат жұрттық атанып, өзге үйдің босағасынан келін болып оң аяғымен аттаған сәттен бастап тартқан.
Ғұмырымның елу жылға жуық уақытын ұстаздыққа арнадым, әлі де осы салада еңбек етіп келемін. Кейінгі кезде жылт етпе жылтыраққа әуестігіміз артып, өзгенің салтына ықыласымыз ұлғайып бара жатқандай көрінеді. Жыл сайын жаңа оқу жылы басталғаннан орамал мен хиджаб дауы өршиді де, соңғы қоңырауға дейін ұласады. Мектеп – білім нәрін құятын орта, баланың келешекте қандай мамандық иесі атанарына бағдар сілтейтін шаңырақ. Заң талабы барлығына да бірдей орындалады, бәрі де соған бағынуы тиіс. Бала кәмелеттік жасқа толып, өзі шешім қабылдайтын кезеңге жеткенде еркі біледі қандай киім киетінін. Сондықтан кез келген ата-ана баласын мектепке оранып келуін емес, білім алсын, оқысын, білікті маман атануына жол ашылсын деп қадағалауы керек. Ата-ана өзінің ұстанған бағыты, ой-пікірі дұрыс-бұрыстығын ескермей баласына таңып, мәжбүрлеп тели беруіне болмайды деп санаймын. Барлық бала бірдей, емін-еркін ойнап, жадырап жайнап жүріп қатарластары секілді білім алуға толық құқылы. Білім саласындағы талап біреу ғана болып, сол талапты орындауға ата-ана да, ұстаз да, мемлекет те міндетті болуы тиіс деп ойлаймын», деді Аягүл Миразова.
-
-
"250 мың доллар": Михаил Шайдоровқа Олимпиададағы жеңісі үшін сыйақы төленді17:38, 18 маусым 2026
-
Айтыскер Салтанат Өтелбаеваның қазасына қатысты адам шошырлық ақпар шықты17:17, 18 маусым 2026
-
"Ұятсыз...": Жұлдыз Өмірғали отбасылы Айқынға қалай тигенін айтты (ВИДЕО)17:00, 18 маусым 2026
-
Астанада бірнеше жасөспірім алапат өрттің себепшісі болды16:31, 18 маусым 2026
-
-
В ЗКО осудили бухгалтера за растрату свыше 9 млн тенге15:48, 18 маусым 2026
-
-
-
"Кеше ғана кішкентай еді": Мирас пен Құралай сүйінші жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)15:20, 18 маусым 2026
-
"Құдай ақы, маған по*уй": блогер Ырысбаланың мәлімдемесі жұрттың жағасын ұстатты09:44, 18 маусым 2026
-
Айтыскер Салтанат Өтелбаеваның қазасына қатысты адам шошырлық ақпар шықты17:17, 18 маусым 2026
-
"Әдиям аяқ-қолын бауырына алды": Сәкен Майғазиев немересін көрсетті (ВИДЕО)12:54, 18 маусым 2026
-
"Кеше ғана кішкентай еді": Мирас пен Құралай сүйінші жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)15:20, 18 маусым 2026
-
"Ішіп алған ба?": Төреғали Төреәлінің "Қайрат" матчындағы әрекеті талқыға түсті (ВИДЕО)11:55, 18 маусым 2026
-
"Ұятсыз...": Жұлдыз Өмірғали отбасылы Айқынға қалай тигенін айтты (ВИДЕО)17:00, 18 маусым 2026
-
"Тартылып қалды": Алтынай Жорабаева бетімен алысып жүргенін айтты15:13, 18 маусым 2026
-
-
Астанада бірнеше жасөспірім алапат өрттің себепшісі болды16:31, 18 маусым 2026
-
"Боксшыларды текке шаршатады": Тұрсынғали Еділов федерацияны сынға алды00:00, 18 маусым 2026
-
"Заңғар Нұртаспен жаттым": Белгілі блогер тікелей эфирде сұмдық құпияларын ашты (ВИДЕО)09:00, 15 маусым 2026
-
"Өлгеннің артынан өлмек жоқ": Гүлзира Айдарбекова қиын жағдайға тап болды (ФОТО)14:31, 13 маусым 2026
-
"Жетіскен екенсіңдер": Еркеш Хасен 11 жас үлкен әйеліне сезімін білдірді(ВИДЕО)15:06, 11 маусым 2026
-
"Бишімбаевпен бірге жүр": Баян Мақсатқызы тағы да ел назарын өзіне аударды (ФОТО)11:46, 11 маусым 2026
-
"Әбден жыладым": Балжан Бидаш ішкі күйзелісімен бөлісті (ФОТО)16:00, 13 маусым 2026
-
"Сізден күтпедік!": Гүлзира Айдарбекованың құдағиы жұрттың ашуына тиді10:32, 11 маусым 2026
-
"Мені өлтіріп кетуі мүмкін": Блогер Джузефина тікелей эфирде дабыл қақты (ВИДЕО)14:30, 15 маусым 2026
-
"Көкірегіме күйік толған": Нұрғали Нүсіпжановтың жүрегіне ота жасалды (ВИДЕО)10:18, 13 маусым 2026
-
"Аяғым ауыр екеніне қарамай зорлады": Қазақстандық әйелді қайын атасы қорлаған (ВИДЕО)13:43, 15 маусым 2026
-
"Жақсы көремін": атышулы блогер Заттыбек Көпбосынұлы туралы да айтты (ВИДЕО)16:49, 16 маусым 2026
-
-
"Әкесімен жасты ғой": Гүлнұр Оразымбетова күйеуінің 70 жасын тойлады (ВИДЕО)10:02, 28 мамыр 2026
-
"84 млн қарызы бар": Байырбекова ұлының үлкен сынаққа тап болғанын айтты (ВИДЕО)09:49, 05 маусым 2026
-
-
“Байқаңдар!”: Тұрсынбектің тоқалы ашық сес көрсетті16:11, 26 мамыр 2026
-
-
-
-
"Заңғар Нұртаспен жаттым": Белгілі блогер тікелей эфирде сұмдық құпияларын ашты (ВИДЕО)09:00, 15 маусым 2026
-
"Қыдекем нашарлап кетті": Қыдырәлі Болманов шұғыл ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО)09:42, 19 мамыр 2026