Қоғам

«Ай сайын несиеге 8 миллион теңге төлеймін»: Мөлдір Мұқанова қарызы туралы айтты

«Ай сайын несиеге 8 миллион теңге төлеймін»: Мөлдір Мұқанова қарызы туралы айтты

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы, продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанова өзіне алғашқы гауһар тасты әшекейін сыйға тартқанын және ай сайын несиеге қанша төлейтінін айтты,деп хабарлайды Ozgeris.info.  

Жақында берген сұхбаттарының бірінде жүргізушінің назары қазақстандық өнер иесінің мойнындағы әсем әшекейге ауды. Ол алқаның бағасын сұрады.

Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы сұраққа ашық жауап беріп, әшекейдің құнын жасырмады.

«Оның бағасы – 11 миллион теңге. Оны өзіме сыйладым. Бұл – менің алғашқы гауһар тастарым», – деді продюсер.

Мұқанова алқаны бөліп төлеу арқылы сатып алғанын күліп жеткізді.

«Сізде де бөліп төлеу бар ма?!» – деп жүргізуші таңданысын жасырмады.

Әңгімелесушісінің реакциясына күле отырып, Мұқанова мұндай шешімінен ұялмайтынын және банктік міндеттемелеріне қалыпты қарайтынын айтты.

«Иә, ай сайын несиеге 8 миллион теңге төлеймін. Мұнда тұрған ештеңе жоқ, мен оны мүлде жасырмаймын. Сондықтан алаңдамаңыздар, әр қазақтың мойнында бір несиесі бар», – деп әзілмен түйіндеді продюсер.

Барлық жаңалық