2025 жылдың 21 желтоқсанында Асанәлі Әшімов дүниеден озған еді. Бұл қаралы күн ел есінде қалды. Марқұмның соңғы сәттері жақындарының жадында мәңгі сақталады деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Әйелі Бағдат Әшімова сол бір ауыр оқиғаны тебірене баяндады. Ажал аяқастынан келіп, барлық жағдай қас қағым сәтте болған.
«3 минут сол... соңғы 3 минутқа дейін сөйлеп:
"Белім ауырып тұр, сосын кеудеме ауру өтіп тұр... жатайыншы", – деді.
Жатқыздым.
"Басымды көтерші", – деді. Басын көтердім.
"Тағы көтерші", – деді.
Болды, көзін жұма салды. Өзі де білмей қалды, ойлаған жоқ кетіп қаламын деп.
Тағы сол искусственный дыхание, массаж сердце – бәрін жасап неғылдым, бірақ...
3 минут... Бүкіл өмірін 3 минут алып кетті...»
Аяулы жанның ғұмыры осылайша үзілді. Жақындары қолдан келген дәрігерлік көмектің бәрін жасаған. Бірақ тағдырдың жазғанына ешқандай шара болмады.