«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының хабарлауынша, бүгін түнде сағат 00:30-да Астана станциясының сұрыптау жолында жүк контейнері жарылды, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі растады.
Алдын ала мәлімет бойынша контейнердегі жүк – электр жабдықтары (трансформаторлар, генераторлар) болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлады «ҚТЖ» компаниясының баспасөз қызметі.
Оқиға нәтижесінде бір адам қолынан жеңіл жарақат алған. Жарылыстың себептері мен жағдайлары анықталып жатыр.
ПІКІР ЖАЗУ