Аймақ

Құрбан шалатын сайт: ең қымбат қой қай өңірде?

Биыл Құрбан айт 6-8 маусым күндеріне түсіп отыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) арнайы құрбан шалуға онлайн тапсырыс беріп, оның орындалуын қадағалауға болатын сайтты іске қосқан. Осы жүйе арқылы еліміздегі құрбандыққа арналған қой бағаларын саралап көрдік, деп жазады Ozgeris.info. 

Қалтаны қақпайтын өңір – СҚО

Қойдың ең төменгі бағасы – Солтүстік Қазақстан облысында. Мұнда бір қой 70 мың теңгеден саудаланып жатыр. Бұл – биылғы Құрбан айттағы ең арзан баға. Одан кейінгі арзан өңірлер қатарында Абай мен Павлодар облыстары бар. Ол аймақтарда құрбандық малы 75 мың теңге шамасында.

Ең жиі кездесетін баға – 85 мың

Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау облыстарында қой бағасы орташа деңгейде – 85 мың теңге. Осы баға  ел ішінде ең жиі кездесетін баға болып отыр.

Қымбат өңірлер – оңтүстік аймақтар

Құрбан айтта ең қымбат қой сатылып жатқан өңірлер – Шымкент қаласы, Түркістан және Қызылорда облыстары. Бұл аймақтарда құрбандық малының құны 100 мың теңгеден басталады. Жамбыл облысында бұл көрсеткіш сәл төмен – 95 мың теңге. Атырау облысында да баға осындай – 90 мың теңге шамасында.

Бағаға не әсер етеді?

Қой бағасының өңірден өңірге өзгеруі  бірнеше факторға байланысты. Олардың қатарында мал шаруашылығындағы өзіндік құн, тасымал шығындары, сұраныс көлемі және жергілікті нарықтағы бәсекелестік деңгейі бар.

 

Барлық жаңалық