Оралда мектеп оқушысының банк шоттары салықтық есептілікті уақытында тапсырмағаны үшін бұғатталды деп хабарлайды ozgeris.info сайты Мой Город сайтына сілтеме жасап. Шектеу туралы бұйрықта дәл осы себеп көрсетілген.
— Кеше бала дүкенге тәтті алуға жүгіріп барды, бірақ төлем жасай алмады. Не болғанын анықтай бастағанда, шоттың бұғатталғаны белгілі болды. Қолымызда шектеу туралы бұйрықтың нөмірі бар. Бұл шектеуді Орал қаласындағы мемлекеттік кірістер басқармасы қойған. Бұған қоса, шектеу туралы құжатта кеңес алу үшін көрсетілген телефон нөмірлері де бар. Таңғы 9:00-де сол нөмірлерге қоңырау шалдым, бірақ ешкім тұтқаны көтермеді, — деді баланың әкесі.
БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті шоттың бұғатталу себебін түсіндірді:
— Шот баланың әкесіне тіркелген, ал ол екінші жартыжылдық бойынша салықтық есептілікті уақытында тапсырмаған, — деп түсіндірді ведомство өкілдері.
Айта кетейік, есептілік тапсырылғаннан кейін шот бұғаттан шығарылады.