Еуразиялық банктің 2018 жылдан бері проблемалық борышкеріне айналған «Antares Platinum» компаниялар тобы банк алдындағы қарызын өтеуден жалтарып жүр. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы жазды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы Еуразиялық банк Тарасов мырзаның иелігіндегі компанияларға несие желісін берген болатын. Ал 2020 жылғы желтоқсаннан бастап қарыз алушыға сыйақы мен өсімпұл есептеуді тоқтатқан еді.
Компаниялар тобының заңгері Виктория МЕЛЕНЦОВА «Antares Platinum» компаниялар тобының банк алдындағы қарызы 19 миллиард теңгені құрайтынын хабарлады.
Компания үшін бұл соманы ауыр және тым қомақты деп санайды. Кредит желісі 2014 жылы 9 миллиард теңге мөлшерінде ашылғанымен, толық игерілмеген. Қарыз алушы девальвациядан кейін қарызды өтеуде қиындықтар пайда болғанын, сондай-ақ оларды өздері қатысқан кейбір мемлекеттік жобалардың тұралап қалуымен байланыстырады.
Өз тарапынан банк қарыз алушы компанияның қызметінен алаяқтық белгілерін аңғарған. 19 миллиард теңгеге дейін өскен қарыз өсімпұлдар мен айыппұлдардың себебінен пайда болды, өйткені соңғы бес жылда компания қарызының бір тиынын да төлемеген болатын.
Банктің пайымдауынша, Антарестің қарызды төлей алмауы девальвация салдарынан емес, ол мемлекеттік келісімшарттар жасасқаннан кейін ол қаражатты мақсатсыз пайдалануға жол берген. Ақтөбе облысының әкімдігі «Antares Platinum» туберкулез диспансері құрылысын жүргізу жөніндегі міндеттемелерінің орындалмағаны үшін банкті 1 миллиард теңгеден астам кепілдік төлеуге мәжбүр етті. Кейін банк бұл соманы қарыз алушыдан өндіріп алу үшін сотқа жүгінді және қылмыстық іс қозғау туралы өтініш берді.
Меленцованың айтуынша, Antares Platinum компаниясына сот шешімімен оңалту ұсынылған, бірақ компаниядан 19 млрд теңге қарызының бар екеніне келісуді талап еткен банк оған қол қойған жоқ. Компания енді 5 жыл бойы банк алдында қарыздар болғандықтан, қызметін дұрыс жүргізе алмағанын, тіпті ел Президентіне жүгінгенін алға тартып отыр.
Осыған байланысты банк «Antares Platinum» ЖШС өкілдерінің жария мәлімдемелерін «Antares Platinum» компаниялар тобының лауазымды тұлғаларының берешекті төлеуден және азаматтық, қылмыстық жауапкершілікке тартылудан жалтару үшін сот, тергеу органдары мен жұртшылықты жаңылыстыру мақсатында жасап отырған кезекті айласы деп түсінетінін мәлімдейді.
Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, банк қарыз алушымен өзара қарым-қатынастарын кредиттік шарттың талаптарына және қолданыстағы ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырмақ.
— «Antares Platinum» тарапынан Ақтөбе облысында әлеуметтік маңызы бар ірі жоба (300 орындық облыстық туберкулезге қарсы диспансер-стационар) құрылысының келісімшарты бойынша мердігерлік міндеттемелерін бұзуы нәтижесінде банк 2019 жылдың мамыр айында облыс әкімдігіне 1 млрд теңгеден астам банк кепілдігін төлеуге мәжбүр болды. Құрылыс жобасы іске асырылмады. Бұдан әрі аталған факт бойынша Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық соты қарыз алушыдан банк пайдасына банктің берген кепілдігі бойынша 1 млрд теңгеден астам берешекті өндіріп алу туралы шешім шығарып, Алматы қаласы Полиция департаментінде ҚР ҚК 190-бабы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, банк жәбірленуші және азаматтық талапкер деп танылды, — делінген хабарламада.
Еуразиялық банктің мәлімдеуінше, «Antares Platinum» компаниялар тобы осы уақыт ішінде өзінің қызметін жүргізіп отырды, банк алдындағы қарызын өтеу үшін жеткілікті ақшалай қаражаты да болды.
— Сот дауына тартыла отырып, Қазақстан өңірлеріндегі бірқатар әлеуметтік маңызы бар объектілер құрылысына қатысты тендерлерді жеңіп алды. Кмпания банктен алынған кредиттік қаражатты қайтаруды қиындату мақсатында өзіне қатысты оңалту рәсімін жүргізу туралы өтінішпен сотқа жүгінді. 2021 жылы сот инстанциялары талапкердің төлемдік қабілеттілігіне байланысты оңалту рәсімін қолданудан бас тарту және оның күшін жою туралы шешім шығарды, — дейді банк өкілдері.
Сонымен қатар қарыз алушының кепілгерлері кредит кепілдіктерінің құжаттарына жалған қолдар қойылған деген желеумен кепілдіктерді тоқтату туралы талап арыз беріпті.
— Алматы қ. Медеу аудандық соты сараптамалардың нәтижелеріне сүйене отырып, қолдардың түпнұсқа екенін дәлелдеп, бұл талап арызды қанағаттандырудан бас тартты, бұл «Antares Platinum» компаниялар тобы қарызын өтеуден жалтаруға ұмтылып жатқанын тағы бір рет көрсетіп берді. Банк «Antares Platinum» ЖШС өкілдерінің жария мәлімдемелерін «Antares Platinum» компаниялар тобының лауазымды тұлғаларының берешекті төлеуден және азаматтық, қылмыстық жауапкершілікке тартылудан жалтару үшін сот, тергеу органдары мен жұртшылықты жаңылыстыру мақсатында жасап отырған кезекті айласы деп түсінеді. Банк өзінің беделін қорғау үшін құқық қорғау органдары мен сот инстанцияларына жүгіну мүмкіндігін қарастыруда, — делінген «Еуразиялық банк» хабарламасында.
Банктің ақпаратына сүйеніп айтар болсақ, 2020 жылы қарыз алушы 1,2 млрд.теңгеден астам мөлшерде пайда көрген, алайда оның бір де бір тиынын Банк алдындағы борышын өтеуге және жұмыскерлеріне жалақы төлеуге жұмсамаған. Көп жыл бұрын банктен алған кредитті қайтармауға және құрылысты жүргізбеуге болады, тіпті бұл үшін Мемлекет басшысының көмегіне жүгінуге болады деген қисындары еш ақылға сыймайды.
Екі бизнес субъектісінің дау-дамайын қоғамдық кеңістікке шығаруы Президент жариялаған реформалар толқынындағы ақпараттық соғыстардың басталғанын көрсетеді. Елде экономикалық күйзелістер орын алып, қазақстандықтар қаржы тұрғысынан қиналып жатқан кезде кейбір қайырымсыз қарыз алушылар қарызын қайтармау немесе оны азайтуды сұрау үшін жария мәлімдемелері, ашық хаттары және Президентке шағымдану арқылы пайда көрудің кез-келген мүмкіндігін қайтадан пайдаланып қалуға тырысуда, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, банктердің жұмысы туралы жағымсыз әсер әдетте қарыз алушылардың шағымдарынан қалыптасады. Егер проблемалық несиелермен байланысты жағдайды қарастыратын болсақ, онда бұл жерде де қарызды қайтаруды талап ететін банк, ең алдымен, өзінің басқа клиенттерін де ойлайтынын түсіну маңызды. Яғни, жосықсыз қарыз алушылар өз қарыздарын адал адамдарға аударады, олар қандай да бір себептермен өздері үшін және сол жігіт үшін төлеуі керек. Сонымен қатар, біреу несие бойынша төлегісі келмеген кезде, ол банктегі депозиттерін сақтайтын салымшыларды алмастырады. Бұл қалай сонда? Барлығы қарапайым – біріншілері қаражатты уақытында қайтармайды, екіншісі өз салымдарын уақтылы алмауға тәуекел етеді. Өз міндеттемелері бойынша тәуекелдерге жол бермеу үшін банк жосықсыз қарыз алушыдан қарызды өндіріп алу үшін өз құқықтарын сотта қорғауға мәжбүр.
Екіншіден, «Antares» заңгерлерінің логикасы бойынша, олардың басшылары қол қойған банкпен жасалған келісімдер әділетсіз. Компанияның заңгері Виктория Меленцова сот бұл істі қараған кезде тек заң бойынша әрекет етіп қоймай, адам факторын да ескеруді ұсынады. Ол банктің қарызды пайызбен өтеу туралы талаптарын озбырлық деп атайды. Мұндай әңгімелер бізге несиеге қалай жауапкершілікпен қарау керектігін үйретпейді. Және бұл тек компанияларға ғана емес, адамдарға да қатысты. Біз кез келген себеппен несие аламыз, бірақ оларды қалай қайтарамыз деп ойламаймыз. Адам несие рәсімдегенде өзіне қандай ауыртпалық түсетінін анық түсінуі керек. Өзі үшін ғана емес, жұмысшылары үшін де жауапты болуы тиіс компания басшысы несие алғанда барлық «плюстері мен минустарын» одан да мұқият ойластыруы керек.
ПІКІР ЖАЗУ