Телефон нөмірімен 12 банкке ақша аударуға болады
Қазақстанда банкаралық ақша аударымының жаңа кезеңі басталды. Енді 12 банктің клиенттері бір-біріне тек телефон нөмірі арқылы қаражат жібере алады. Бұл туралы Ұлттық төлем корпорациясы хабарлады. Жоба Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының негізгі құрамдас бөлігі ретінде бөлшек төлемдердің жеделдігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған, деп жазады Ozgeris.info.
17:13, 20 ақпан 2026