«Челси» клубында жарақатынан айығып жатқан Дастан Сәтбаев Лондонда Қазақстанның U-21 құрамасы сапындағы әріптестерімен кездесті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Қазақстан жастар құрамасы Англия астанасына алдағы ойынға дайындық өткізу үшін барған. Ұлттық команда 25 қыркүйекте Англияның жастар құрамасымен кездеседі.
Ал Дастан Сәтбаев қазіргі уақытта «Челси» сапында ем қабылдап, қалпына келу кезеңінен өтіп жатыр. Футболшы осыған байланысты ұлттық құраманың оқу-жаттығу жұмыстарына қатыспайды.