Мейрамгүл Боранбайқызы: Мұғалімдер өз пікірін айтудан қорқады, ал мектептегі мәселелер қағаз жүзінде шешіледі
Мектептегі оқушылардың қауіпсіздігі, педагогтердің құқығы, басшыларды тағайындау тәртібі мен білім сапасы қоғамда жиі талқыланады. Батыс Қазақстан облысында он жыл мектепте еңбек етіп, кейін аудандық білім бөлімінде әдіскер болған Мейрамгүл Боранбайқызы білім жүйесіндегі кемшіліктерді әлеуметтік желіде ашық көтеріп жүр.
20:58, 27 қазан 2026