Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Балқаштағы АЭС құрылысын келер жылы бастауды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
"Келесі жылдың өзінде "Балқаш" АЭС құрылысын бастауды, "Мойынқұм" АЭС құрылысын мүмкіндігінше тезірек бастау мақсатында кешенді ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды мүмкін әрі орынды деп есептеймін. Әрине, Қазақстанның ұлттық мүддесін қамтамасыз ету тұрғысынан барлық келіссөз ұстанымдары мұқият пысықталып, келісілуі тиіс", – деді Президент.