«МӘМС-ке жарна төлейміз, емге тағы ақша жұмсаймыз»: қазақстандықтар неге ақылы медицинаға жүгінеді?
Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істегенімен, тұрғындар дәрігерге қаралуға, түрлі тексеруден өтуге және ем қабылдауға өз қалтасынан қомақты қаражат жұмсап отыр. Биылғы екінші тоқсанда денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдары көрсеткен қызметтердің шамамен 215 миллиард теңгесін халықтың өзі төлеген.
19:50, 05 қараша 2026