Қоғам

Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотта прокурор 2 жыл жаза сұрады

Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотта прокурор 2 жыл жаза сұрады

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотта жарыссөз басталды. Мемлекеттік айыптаушы Саяжан Серікова МИБ төрайымы Сәуле Жұбаниязованы кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Ozgeris.info

Іс 2025 жылғы 8 қарашада Тәуелсіздік даңғылы, 24Б үйінің қасбеті опырылып, бірнеше адам зардап шеккен оқиғаға қатысты. Зардап шеккендерге көмек көрсетуге барған 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан да екінші опырылу кезінде ауыр жарақат алып, кейін ауруханада қайтыс болған.

Прокурордың айтуынша, 2017 жылғы техникалық қорытындыда ғимарат қасбетіне жөндеу қажет екені көрсетілген. Сараптама қасбеттің бұзылуы бірден емес, белгілі бір уақыт аралығында дамығанын анықтаған.

«Басты сұрақ – бұл трагедия не себепті болды және тиісті міндеттер дұрыс орындалған жағдайда оның алдын алуға болар ма еді?», – деді мемлекеттік айыптаушы Саяжан Серікова.

Барлық жаңалық