Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген 2026–2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы мақұлданды деп хабарлайды Оzgeris.info сайты.
Бағдарлама Президенттің тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу, инфляцияны төмендету, импортқа тәуелділікті азайту және халық табысын арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған.
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин құжаттың негізгі бағыттарын таныстырды. Бағдарламада мыналар қамтылған:халық табысын қолдау,сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету,шикізаттық емес экспортты арттыру,цифрландыруды және жасанды интеллектті дамыту,инвестициялық және тарифтік саясатты жетілдіру,инфляцияны төмендету,экономикадағы мемлекеттің үлесін қысқарту.Сонымен қатар бағдарлама ақша-несие саясатын, қаржы секторын дамыту тетіктерін және баға реттеу шараларын қамтиды.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған монетарлық және макропруденциалды шаралар пакетін ұсынды.Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова бизнесті қаржыландыруды кеңейту, тұтынушылық несиелеу тәуекелдерін азайту және кәсіпкерлерге арналған реттеу саясатын жеңілдету жөнінде баяндады.
Премьер-министр Бектеновтің айтуынша, бағдарлама елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын сапалы жаңа деңгейге көтеруді көздейді.Алға қойылған негізгі мақсаттар: Экономиканың жыл сайынғы кемінде 5% өсімі; Халық табысының жыл сайын 2–3% көтерілуі; Инвестиция тарту, бизнеске кедергілерді азайту; Жұмыспен қамтуды арттыру және әлеуметтік қолдауды нақты бағыттау; Инфляцияны төмендету және импортқа тәуелділікті қысқарту.
Отырста жауапты мемлекеттік органдарға нақты міндеттер жүктелді:Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы және Сауда министрліктері – инфляцияны бақылау және сыртқы факторлардың әсерін азайту; Энергетика және қаржы-бақылау органдары ЖЖМ импорты мен шекарадан заңсыз шығаруды болдырмау; Ауыл шаруашылығы, Сауда және Өнеркәсіп министрліктері ішкі нарықты отандық өніммен толықтыру, азық-түлік бағасын тұрақтандыру; Өңір әкімдері делдалдық схемаларды анықтау; Сауда және АШМ экспортты ынталандыру шараларын әзірлеу; “Бәйтерек” холдингі мен Kazakh Invest инвестициялық жобаларды жылдамдату.
Бағдарламаның орындалуына мониторинг жасап, қоғамға ақпарат беруді Ұлттық экономика министрлігі үйлестіреді.