Жаңалықтар

«Таптым-ау сені»: Арбаға таңылған жігіттің үйлену тойы желіде қызу талқылануда (ВИДЕО)

Желіде арбаға таңылған Тараздық жігіттің үйлену тойынан түсірілген әсерлі видео кең тарады, деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Бейнежазбада күйеу жігіт Азамат Адамбек қалыңдығына Қазыбек Құрайыштың «Таптым-ау сені» әнін орындап отыр. Ал қалыңдықтың толқып, көз жасын тыя алмай жатқаны көрінеді. Жігіттің досының айтуынша, жас жұп дәл бір жыл бұрын, 16 қарашада қарым-қатынасын бастаған.

 

Видео желіде көпшіліктің қызу талқысына түсті. Кейбір пікірлерде махаббаттың алдында ешқандай кедергі жоқ екені айтылып, жас отбасына бақыт тілегендер бар:

 

«Бақытты болыңыздар», «Тек қуаныш тілеймін», «Мүмкіндігі шектеулі жандар да біз секілді өмір сүреді, олардың да арманы бар», – деп жазғандар.

 

Алайда көпшілік қыздың шешіміне күмәнмен қарайды:


«Ата-анасы неге келісті? Ол қызға қорған бола алмайды ғой», «Қыз кейін өкінбеу үшін не істейді?», «Бұл тым ерекше жағдай», «Екі жаққа да қиын болатыны анық», – деген пікірлер бар.

 

Желі қолданушыларының пікірлері екіге жарылғанымен, көпшілігі жас жұпқа түсіністікпен қарап, олардың бақытын тілеп отыр.

 

Барлық жаңалық