Шоу-бизнес

«Тағы бір тірі жетім дайын тұр»: Жасұлан Базарбаев сұмдық жайтты айтты

«Тағы бір тірі жетім дайын тұр»: Жасұлан Базарбаев сұмдық жайтты айтты

Әнші Жасұлан Базарбаев әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының бірі жазған жан тебірентерлік пікірмен бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Желі қолданушысы көршісінің жеті жасар баласын біреуге беруге мәжбүр болып отырғанын жазған.

«Мен де жылап-жылап қойдым. Көршім баласын өткізейін деп жатыр. Жақсы көремін балақайды, 7 жаста. Өткізбейін десе, мамасы жұмыс жасауы керек. Түнде кеш қайтады. Балаға қарайтын адам жоқ. Бала ішіп қала ма деп ойлаймын, себебі мамасын қатты жақсы көреді. Құдай аясын деп отырмын. Еркектер, бала-шағаларыңыздан хабар алыңыздаршы», – делінген пікірде.

Әнші бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, бала асырап алуға ниетті жандарды аталған отбасына көмектесуге шақырды.

«Тағы бір тірі жетім дайын тұр екен-ау. Бала асырап аламын деп жазып жатқандар осы отбасыға жәрдем берсе де болады-ау. Яғни кешегі қыздың тағдырына алаңдап, “балаларыма серік болады” деген жандардың құлағына алтын сырға. TikTok парақшама жазыпты», – деді Жасұлан Базарбаев.

Барлық жаңалық