Актриса Дариға Бадықова соңғы уақытта өзіне бағытталған сөз бен көз көбейгенін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеосында киіміне қызыл моншақты түйреуіш тағып алған. Айтуынша, күйеуі Олжас соңғы жаңалықтар мен жетістіктерден кейін әйелі үшін қатты алаңдап жүрген көрінеді.
«Кеше Олжас көз тимесін деп тағып қойды ғой. Қазір сөз де, көз де көбейіп кетті. Сол үшін тағып қойды», – деді актриса.