Спорт

Михаил Шайдоров Ұлттық олимпиада комитетінің ең жоғары марапатына ие болды

Михаил Шайдоров Ұлттық олимпиада комитетінің ең жоғары марапатына ие болды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) ең жоғары марапаты – ҰОК орденімен наградталды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

25 қарашада Астанада Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті Бас ассамблеясының жыл сайынғы отырысы өтті. Жиында ҰОК президенті Геннадий Головкин отандық спорт пен олимпиадалық қозғалыстың дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа марапат табыстады.

Комитеттің мәліметінше, Михаил Шайдоров бұл марапатқа Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанғаны үшін ие болды.

Сондай-ақ Данияр Қасқарауов «Қазақстан Республикасының олимпиадалық қозғалысына еңбек сіңірген қайраткер» І дәрежелі құрмет белгісімен марапатталды. Ал ауыр атлеттер Александр Уваров пен Алексей Чуркин және таеквондошы Тамирлан Тілеулес ІІ дәрежелі құрмет белгісіне ие болды.

Барлық жаңалық