Қоғам

Астана мен Ақмола облысында кешке қарай көктайғақ болуы мүмкін

Астана мен Ақмола облысында кешке қарай көктайғақ болуы мүмкін

Бүгін Астана қаласы мен Ақмола облысында жаңбыр жауып, ауа температурасы нөлден жоғары болып тұр. Алайда кешке қарай күн суытып, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүргізушілерді республикалық маңызы бар автожолдарда сақ болуға шақырды.

Компания мамандары қысқы дөңгелек орнатылмаған көлікпен қала сыртына шықпауға кеңес береді. Сондай-ақ жол жағдайына қарай жылдамдықты азайтып, қауіпсіз арақашықтық сақтау қажет. Күрт тежелуден, жолақты оқыс ауыстырудан және орынсыз басып озудан аулақ болған жөн.

Жолға шығар алдында ауа райы болжамы мен бағыттағы жол жағдайын тексеру ұсынылады. Әсіресе көпірлерде, жол өткелдерінде, өрлер мен еңістерде мұз қату қаупі жоғары.

Республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйі туралы ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан алуға болады.

Барлық жаңалық