Желі қолданушысы Дариға Бадықованың өрт сөндірушілер туралы түсірген киносын сынады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл туралы ол өзінің жеке парақшасында жазды.
"Дариға Бадықова телефонист, инспектор болып ойнайтын шығар десем капитан болып жүр. Ол енді өтірік ертегі. Дариғаның өзін де белгілеймін. Түсірсеңдер, өрт сөндірушілерді ұятқа қалдырмайтындай дұрыстап түсірсеңдерші. Жарайды, менің басымды алсаң да тілімді кесіп алмайсың. Ақшаның күшімен өзіңді халықтың алдында керемет, дәрежелі мықты әйел ретінде көрсеткен шығарсың, бірақ ол - ертегі. Ол жерде өлім мен өмірдің ортасында жүреді. Жігіттердің еңбегін бағалаңдар. Ол жерде таңнан кешке дейін ешкім төбелеспейді, керісінше бауырмал. Даттайтын кино, өз басым сол жерде жұмыс істедім. Өрт сөндірушілерге тамақ беріліп, отбасылық мәселесін ешкім шешіп жүрмейді. Халыққа ұнаған шығар, бірақ өрт сөндірушілерге жаман нұқсан келтіретін кино екен. Телефонист па десем бірінші атаман болып алыпсыз, Дариға тәте", деді ол.
Айта кетейік, Дариға Бадықова қазіргі күйеуі Олжас Абаймен бірігіп "Соңыра" атты фильм түсірген еді. Өрт сөндірушілер туралы түсірілген туынды қоғам арасында кеңінен тарап, талқыға түсіп жатыр.