Шоу-бизнес

«Әйелдерінің қатарына қоспаңыздар»: Рүстем Жүгінісовтің бәйбішесі бар шындықты айтты (ФОТО)

«Әйелдерінің қатарына қоспаңыздар»: Рүстем Жүгінісовтің бәйбішесі бар шындықты айтты (ФОТО)

Өнерді тастап, дін жолына бет бұрған әнші Рүстем Жүгінісовтің бұрынғы әйелі Айжан Қырықбай көпшілікке күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында бұрынғы күйеуімен арадағы қарым-қатынасына қатысты жазба жариялап, өзіне қатысты тараған қауесеттерге нүкте қойғысы келетінін айтты.

«Негізі, үндемей-ақ қояйын десем де, болмай тұр. Бұрынғы жұбайым екеуміз ажырасып кеткенімізге біраз уақыт болды. Сондықтан мені ол кісімен байланыстырып, әйелдерінің қатарына қоспауларыңызды сұраймын!

Сондай-ақ, «төрт баласымен тастап кетті» деген сөздерді жазбауларыңызды өтінемін. Кету – менің өз шешімім! Және бұл шешіміме өкінбеймін. Әркім өз адамымен бақытты болсын! Алдағы уақытта ол кісімен бірге түскен қандай да бір видео көрсеңіздер, ондағы әйел мен емес екенін ескеріңіздер. «Неше әйелі бар?» деп те сұрамаңыздар. Жартысын білсем де, жартысын білмеймін! Шынымды айтсам, осы әңгімеден шаршадым. Сондықтан осы тақырыпты біржола жабайықшы! Рүстем мен Айжан деген жұп енді жоқ!» – деп жазды ол.

Айта кетейік, 23 жастағы ару өзінің Рүстем Жүгінісовтің екінші әйелі екенін айтып, әншінің үшінші рет те үйленгенін жазған еді. 

Барлық жаңалық