Халықаралық рейтинг агенттігі S&P Global Ratings Қазақстанға қатысты болжамын «тұрақтыдан» «жайлыға» өзгертті. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады, деп жазады Ozgeris.info.
Елдің несиелік рейтингі бұрынғыдай BBB-деңгейінде қалды. Бұл – инвестициялық деңгейдің ең төменгі сатысы. Яғни, Қазақстан қарызын төлей алады, бірақ экономикалық жағдай нашарлап кетсе, қиындық тууы мүмкін.
Ұлттық банк түсіндіргендей:
«Болжам ел экономикасын әртараптандыру, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және бюджет тапшылығын азайту бағытындағы оң өзгерістерді көрсетеді».
S&P сарапшыларының айтуынша, ақша-несие саясаты күшейіп жатыр, Ұлттық банк инфляцияны ұстап тұруға тырысуда, ал квазифискалдық шығындар қысқарып келеді. Банк секторы да төзімді. Капиталы жеткілікті, өтімділігі жақсы. Сарапшылар алдағы уақытта тұтынушылық несиелер азаяды деп болжайды.
«Ұлттық инфрақұрылым жоспарының жалғасуы экономиканы әртараптандырып, шикізаттан тыс табыстың өсуіне ықпал етеді. 2025 жылы ЖІӨ өсімі шамамен 5,5% болады деп күтілсе, 2026-2028 жылдары бұл көрсеткіш 4%-ға дейін баяулайды», деп жазған агенттік.