Шоу-бизнес

«Сіздерді күтемін»: Роза Рымбаева көптен күткен жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)

«Сіздерді күтемін»: Роза Рымбаева көптен күткен жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева сахнадағы шығармашылық жолына 50 жыл толуына байланысты көрермендеріне арнап жаңа жеке концерт ұсынбақ. Мерейтойлық кеш өнер иесінің көпжылдық еңбегіне арналған ерекше музыкалық жоба болмақ деп жазады Оzgeris.info

 

Әлеуметтік желілерде әншінің жанкүйерлері оның бұрынғы концерттерінен естеліктерімен бөлісіп, жүрекжарды пікірлер қалдыруда. Жанкүйерлердің бірі 1996 жылы студент кезінде Роза Рымбаеваның концертіне барғанын еске алып, сол сәттердің әлі күнге дейін жадысында сақталғанын жазған.

 

Өнерсүйер қауым әншіні әрдайым қолдайтынын айтып, оның әр жаңа жобасын асыға күтетінін жеткізуде. Жаңа жылдың алғашқы айында өтеді деп жоспарланған мерейтойлық концерт көрермендер үшін есте қаларлық, ерекше мәдени оқиға болмақ.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл кеш Роза Рымбаеваның шығармашылық жолын, сахнадағы жарқын сәттерін және тыңдарманмен арадағы ерекше байланысты тағы бір мәрте айшықтайды.

 

Барлық жаңалық