Оқиға

ШҚО-да 5 адам қайғылы жағдайда көз жұмды

ШҚО-да 5 адам қайғылы жағдайда көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 5 адам қаза болып, бір адам жарақат алды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасаған ozgeris.info.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жол-көлік оқиғасы 4 қараша күні Өскемен-Риддер тасжолының 48-ші шақырымында болған.

"ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima көлігі соқтығысқан. Соның салдарынан 5 адам сол жерде тіл тартпай кетті. Жарақат алған 1 адам ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады ПД өкілдері.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жол апатының мән-жайы мен қаза болғандардың кім екені анықталуда.

Барлық жаңалық