Белгілі тележүргізуші әрі журналист Динара Сәтжан жұбайы Жұмабек Жанықұловпен бірге жаңа үйінде достарын қабылдап, оларға эксклюзивті экскурсия өткізді. Бірақ бұл сәт желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Жаңа қонысқа алғашқылардың бірі болып Баян мен Тұрсын Алагөзовтер және дизайнер Аида Қауменова келген. Видео мен суреттерден үйдің сән-салтанаты мен Динараның мінсіз дайындығы байқалады. Алайда желідегі кей көрермендер бұл қонақ күту шарасын «арнайы ұйымдастырылған пиар» деп бағалады.
«Қарапайым кездесу емес, кәдімгі шоу сияқты», – деп жазды бір қолданушы.«Әр деталь түсірілген, бәрі камераға арналғандай», – деп ескертті тағы бірі.
Дегенмен, жылы пікір білдіргендер де табылды:
«Үйіңіз керемет, берекелі болсын», – деп жазғандар көп болды»,«Жаңа үйіңіз тек қуанышқа толы болсын!»,«Осындай әдемі үйлер елімізде көбейе берсін!»
Айта кетейік, Динара Сәтжан Instagram-да:
«Достар – ең үлкен байлық! Осындай жандармен бірге өсесің, күлесің және өзің болып қала аласың», – деп жазды.
Бірақ жұрттың бір бөлігі бұл жазбаны «жасанды пафос» деп қабылдады.Кей пікірлерде: «Әдемі үйін көрсетуге ғана себеп тапқан сияқты», – деген де сын айтылды.