Қоғам

«Екеуінен де таңдап тұрып алған»: журналист Меруерт Өтекешованың кенже қызы туралы жазды (ФОТО)

«Екеуінен де таңдап тұрып алған»: журналист Меруерт Өтекешованың кенже қызы туралы жазды (ФОТО)

Журналист Әлия Құдайбергенова актриса Меруерт Өтекешова мен марқұм актер Құман Тастанбековтің отбасы жайлы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Ол Меруерт Өтекешованың сұхбатын көріп шыққанын айтып, актрисаның болмысына тәнті болғанын жеткізді. 

«Құман аға мен Меруерт апайдың кенже қызы Томирис қандай сұлу! Жанары оттай жанып тұр. Екеуінен де таңдап тұрып алған екен», – деп жазды журналист. 

Сондай-ақ ол Меруерт Өтекешованың өміріндегі ауыр кезеңдерді сабырмен еске алғанын атап өтті. 

«Меруерт апайдың Майя Бекбаеваға берген сұқбатын қарап шықтым. Құдай апайдың бойына сұлулық қана емес, сабыр мен зиялылықты қоса берген екен! Егіліп, езіліп тұрмады. Сұлу қалпын сақтап қалған екен, Меруерт апай», – деді ол. 

Әлия Құдайбергенова сұхбат барысында актрисаның марқұм ұлы туралы айтқанда да өзін ұстай білгенін жазды. 

«Марқұм ұлы туралы айтқанда да, өмірінің кейбір тұстарына тоқталғанда да… күңіренбеді. Өмірінің шуақты жақтарын айтып, түңілісті шаттыққа жеңдіріп тұр. Солай қарай ойысып кетті… Немерелерін айтып жымиды, сүйсінді. Тұңғышы Жібектің мамандығы журналист, Жібек те қақ-соқпен ісі жоқ, салмақты жан, білуімше», – деп жазды журналист. 

Жазба соңында ол Меруерт Өтекешоваға жылы лебізін білдірді. 

«Сұқбаттың соңғы жағында көңіл босады. Апайдың сұлу жанарынан бір тамшы жас мөлт ете қалды… Құманын еске алғанда. Аман жүріңіз, Меруерт апай!» – деді Әлия Құдайбергенова.

Барлық жаңалық