Шоу-бизнес

"Шетелден оралдым": Тамара Асар қазіргі денсаулығынан хабар берді

"Шетелден оралдым": Тамара Асар қазіргі денсаулығынан хабар берді

Тамара Асар шетелден оралып, алғашқы концерттерін қай қалада бастайтынын айтты Қазақстандық әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына алғыс айтып, шетелден аман-есен оралғанын жеткізді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Өнер иесі денсаулығының жақсарып келе жатқанын айтып, тыңдармандарына ақжарма тілегін жолдады.

«Маған жолдап жазған, ақ тілектеріңіз үшін көп-көп рақмет. Әрқайсыңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!!! Шүкір Аллаға, аман-есен шетелден елге оралдық. Аяғымды қайта басып, жүріп үйреніп жүрмін лайым да жақсылықтан дәмелімін», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ ол өзін сағынған тыңдармандарының сұрауымен алғашқы концерттерін Ақтау, Жаңаөзен және Шетпеден бастау туралы ұсыныс алғанын айтты.

«Мені қатты сағынған көпшіліктің сұрауымен, алғашқы концерттерімді Алла қаласа, Ақтау- Жаңаөзен- Шетпеден бастауға ұсыныс алдым. Мен де сіздерді қатты сағындым… “Бәрі арығын білдірмес сыртқа қарнын қампайтар өмір” – жасай берсін!!!», – деді Тамара Асар.

Барлық жаңалық