Қазақстанда Sergek бейнебақылау жүйесі жаңа кезеңге қадам басты. Енді бұл жүйе дрондарға орнатылып, жол ережесін бұзған немесе іздеудегі көліктерді аспаннан анықтайтын болады. Жаңа технологияны Ішкі істер министрлігі, «Қазтелеком» АҚ және Sergek әзірлеушілері бірлесіп сынақтан өткізіп жатыр, деп жазады Ozgeris.info.
Sergek Group компаниясының мәліметінше, дрондарға орнатылған бұл құрылғылар полицейлерге нақты әрі жедел әрекет етуге көмектеседі. Әсіресе, іздеудегі көліктерді анықтау үдерісі жеңілдейді. Демек стационар камералармен шектелмей, мобильді бақылауға көшеді деген сөз.
Компания басшылығы жобаны тек қауіпсіздік шарасы ғана емес, отандық IT саласының әлеуетін көрсететін маңызды жетістік деп есептейді. Sergek Group компаниясының бас директоры Евгений Кимнің айтуынша, мұндай бастамалар Қазақстанның әлемдік деңгейдегі шешімдер әзірлей алатынын көрсетеді.