Семей қаласында жол ережесін өрескел бұзып, оны бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтемемен.
22 жастағы Toyota Camry 55 көлігін басқарған семейлік азамат тәртіп сақшыларының назарына бейнежазба арқылы іліккен. Видеода жүргізуші көлік тізгінде отырып, қауіпті маневр жасап, жылдамдықты шамадан тыс арттырып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Сонымен қатар, ол қызыл жарыққа өтіп, қауіпсіздік белдігін тақпаған әрі жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланған.
Тексеру барысында автокөліктің алдыңғы мемлекеттік нөмірі жоқ екені және оның орнына тыйым салынған жарық құрылғылары орнатылғаны анықталды.
Құқық бұзушы ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.