Белгілі актер Қайрат Әділгерейдің жұбайы Бақыт Тұрман Атырау әкімдігіне қатысты шындықты ашық айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Alash.kz сайтына сілтемемен.
Оның айтуынша, Атырау күніне арналған үлкен концертке ол 1,5 ай бұрын шақырту алып, барлық құжаттарын өткізіп, дайындалған. Алайда мерекеге небәрі бірнеше күн қалғанда, әкімдік қызметкерлері іс-шара болмайтынын айтып хабарласқан.
Бірақ кейін концерттің өткенін көрген Бақыт Тұрман өзін тізімнен сызылып тасталғанын білген. Ол бұл жағдайға қатты ренжіп, Instagram парақшасында ұйымдастырушыларды “сатқындық жасады” деп сынады.