Жаңалықтар

Сәтбаевтағы жантүршігерлік төбелес

Сәтбаевтағы жантүршігерлік төбелес

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында ер адамды бір топ адамның аяусыз соққыға жыққан сәті видеоға түсіп қалды. Жастар көшесінде орын алған бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Ұлытау облыстық Полиция департаменті жанжалға қатысушылардың барлығы анықталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта:

  • Барлық қатысушылар полиция бөліміне жеткізілді;

  • Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды;

  • Күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде.

Тәртіп сақшылары тергеу қорытындысы бойынша оқиғаға қатысқан әрбір адамның әрекетіне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

Барлық жаңалық