Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы жарлыққа қол қойып, реформаны әзірлейтін комиссияның құрамын бекітті. Оның құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері кірді,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ақорданың хабарлауынша, комиссия Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесіне қандай өзгерістер қажет екенін анықтайды. Сондай-ақ реформаға негіз болатын кешенді жоспар әзірлеу үшін ұсыныстарды қарастырады.
Комиссия төрағасы болып Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр тағайындалды. Ал оның орынбасары қызметіне Президент кеңесшісі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ирғалиев бекітілді.
Комиссия құрамына сондай-ақ:
-
Әлихан Смайылов – Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы;
-
Ғалымжан Қойшыбаев – Премьер-министрдің орынбасары, Үкімет Аппаратының басшысы;
-
Серік Жұманғарин – Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі;
-
Жаслан Мәдиев – Премьер-министрдің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі;
-
Ержан Жиенбаев – Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары;
-
Қуанышбек Есекеев – Президенттің көмекшісі;
-
Дархан Жазықбай – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы;
-
Ерлан Сәрсембаев – Әділет министрі;
-
Жеңіс Қасымбек – Астана әкімі;
-
Марат Ахметжанов – Ақмола облысының әкімі;
-
Дархан Сатыбалды – Алматы әкімі;
-
Болат Ақшолақов – Атырау облысының әкімі;
-
Шахмардан Байманов, Сұңғат Есімханов, Шолпан Каринова және Екатерина Смышляева – Құрылтай депутаттары;
-
Андрей Лукин мен Бағдат Мусин – Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері кірді.
Комиссия хатшысы болып Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова тағайындалды.
Қажет болған жағдайда комиссия отырыстарына орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың өкілдері қатыса алады.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасына бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамын бекіткен еді.